№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

  Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат,  Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
   ÐÓжÑлÑÑ Ð´ÐµÐ¿ÑÑаÑÑнÑÒ£ өкÑлеÑÑÑÐ³Ñ Ð¼ÐµÑзÑмÑнен бұÑÑн ÑоÒÑаÑÑлдÑ
  «Сапархан Кесікбайұлы, Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін барлық әріптестер атынан алғысымызды білдіреміз. Біздің Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетін басқарып, көптеген маңызды заңдарды қабылдауға зор үлес қостыңыз. Енді Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалдыңыз. Осы өте жауапты жұмыста сізге зор табыстар тілейміз», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

  Жалпы отырыс барысында С. Омаровқа палата депутаттары атынан «Алғыс хат» табысталды.

  Өз кезегінде министр қызметіне тағайындалған Сапархан Кесікбайұлы үлкен сенім артқан Елбасына алғысын айтты.

  «Сонымен қатар, менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осы жерде үш жылға жуық бірге жұмыс істедік. Заң шығару ісінде сіздерден тәжірибе алдым. Ауыл шаруашылығын дамыту ісінде сіздермен бірлесе жұмыс істейміз деп сенемін», - деді С. Омаров депуттарға қарата айтқан сөзінде.

  Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Сапархан Омаров тағайындалды. 

Ал 26 ақпанда өткен Үкімет отырысында жаңа министрлер кабинетінің құрамында С. Кесікбайұлы ант берді.

27 ақпан 2019 ж. 683 0