№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкімнің әлеуметтік көмегі

Әкімнің әлеуметтік көмегі

   «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ сьезінде еліміз бойынша маңызды құжат – «Бақытты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы алдағы он жылда отыз мемлекеттің қатарына ұмтылуымыздағы шешуші кезеңі болатыны атап өтілді. Сонымен бірге Елбасы әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөліп отыр.

  Оның біріншісі, табысты арттыру және халықтың аз қамтылған топтарын қолдау, екінші, табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту және өңірлерді кешенді дамыту талабы өзекті болып отыр. Ең төменгі күнкөріс шегін 70 процентке, яғни 14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін арттыру тапсырылды. Бұл ретте, әлеуметтік келісім-шарт және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысуы болып қала беретіндігі айқындалған. Мемлекет басшысы әкімдерге әрбір отбасына баруды және көмекке мұқтаждарды қолдау шараларын өңірлік мүмкіндіктерді ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен шешуді тапсырғаны белгілі. Біз бас сұққан Жаңақорған кентінің әкімдігінің қабылдау бөлмесінде 5-6 кісі бар екен. Кезек күтіп тұрған кісілермен аз-кем тілдесе келе ризашылықтарын жүздерінен аңғардық. Әкімдіктің тұрмысы төмен отбасыларға көмек бергенін білдік. Кент әкімі орынбасары Жарас Мырзалиев, бас маман Алма Мамирова жақын күні тұрмысы төмен әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға арнайы барып сегіз сегіз отбасына қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік тарқатқанын айтты.
  –  Біз әркез тұрмысы төмен отбасыларын назарда ұстаймыз, – дейді кент әкімдігінің мамандары. Ал Сәрсенбаева Айнұр, Ния­зова Раш, Нысанбаева Гүлжамила, Дуал­бек Набира, Муханбетжанова Зинара, Альжанова Индира, Ерасылқызы Ботагөз әкімшіліктің көмегіне алғыстарын айтуда.
– Әр отбасы он мың теңгеге азық-түлік, атап айтқанда 25 кг ұн, 5 кг қант, 5 литр пісте май, 5 кг макарон, 1 кг шай, 5 кг күріш, 10 кг картоп, 10 кг пияз алып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен қамқорлық көмек, – деп жүрекжарды ақ-тілектерін жеткізді олар. Жыл басы наурыз айында халыққа жасалып жатқан шаралар жалғасын табатынына біз де сенімдіміз.
Көктемнің алғашқы айынан бастау алған бұл берекелі қадамдар елге тек ынтымақ әкелсін дегіміз келеді.

Қайбулла Рүстемов.
13 наурыз 2019 ж. 853 0