№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өседі

Бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өседі

 Бұл туралы  Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде айтты.
2
«Біз аса ауқымды тегеуріндер мен жаһандық сындардың заманында өмір сүріп жатырмыз. Біздің жинап қойған резервтер күрделі кезеңдерде пайдаға асуы тиіс. Осы резервтердің арқасында біз оңтүстік-шығыс дағдарысынан 1997 және 2001 жылдардағы қиын кезеңдерден өттік. Біз 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан да аман өттік. Сол себепті, резервтер керек. Бірақ, қажет болған жағдайда бірге ел игілігіне жарататын боламыз» деді Елбасы.


  Сонымен қатар Елбасы өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстан нарық заманындағы мемлекеттің басты міндеті - азаматтарға жұмыс тауып беру екенін айтып өтті.

  «Көмекке мұқтаж санаттағы адамдарға беріліп, атаулы сипатқа ие болуы керек. Мен бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Партияластарды да бөлінген қаражатты әрбір отбасыға жеткізуде бақылауға көмектесуді сұраймын. Менің тапсырмам бойынша бүгінгі таңда азаматтарды алаңдататын мәселелерді анықтады. Ол мәселелер - балаға бөлінетін жәрдемақы, көпбалалаы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту. Партияның осы мәселелерді шешудегі маңызды үлесі - әлеуметтік саясатты үш бағыт бойынша жүзеге асыру. Біріншіден, халықтың аз қамтылған бөлігінің кірісін арттыру және қолдау, екіншіден, кірісі төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу және білім, денсаулық сақтау саласын жақсарту, үшіншісі, аймақтарды кешенді түрде дамыту» деді Елбасы.

  Сондай-ақ Президент қазіргі таңда қазақстандық отбасылардың жағдайын жақсартуға маңыз беру керегін атап өтті.

 
«Осы жылдан бастап қаңтар айында базалық айлық мөлшерін бір жарым есеге өсірдік. Мұғалімдердің айлығын 30 пайызға, біліктілігін арттырған ұстаздарға 50 пайызға арттырдық. Демек, осы санаттағы азаматтардың кірісі айтарлықтай өсті. Бұл бағдармада бір миллион азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


"Егемен Қазақстан" газеті сайтынан алынды. ​​​

27 ақпан 2019 ж. 620 0