Қазақстан Ресей туристерін қалай қызықтырмақ?
12наурыз, Мәскеу – Қазақстан белсенді туризм бойынша алуан түрлі ұсыныстарды Мәскеудегі халықаралық туристік көрмеде (MITT) паш етті.
Ресей 146,9 млн. халқымен әлемде адам саны жағынан 9-орында. Осыған орай оның әлемдік туризмге қосатын үлесі де салмақты, ал ресейлік туристер кем дегенде жиырма шақты елдің бюджеттеріне түсетін қаржыны тұрақты түрде қамтамасыз етеді. Euromonitor International болжамдарына сүйенсек, 2023 жылға қарай Ресейден жыл сайын 41,5 млн. турист басқа елдерге аттанатын болады.
Ресей – Қазақстан туризмі үшін мақсатты нарық болып табылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылы Ресейден Қазақстанға 1,7 млн. адам келген, және де бұл көрсеткіш 2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,7%-ға өскен. Ал 2018 жылғы алдын ала берілген мәліметтер бойынша Ресейден келген адамдар саны 1,74 млн.-ға жетіп, 1,7% өсімді көрсетті.
Рейсейлік турист үшін демалу орнын таңдауда ең бастысы баратын орынның қауіпсіз әрі танымал болуы маңызды деген пікір қалыптасқан еді. Десек те, кейінгі жылдардағы тенденцияларға сай, туристер үшін алатын тәжірибелер, әсерлер мен эмоциялар жүйесі де, яғни «travel experiences»демалатын жерді таңдауда шешуші фактор болып табылады.
Сондықтан, еліміз жаңа эмоция мен жаңа әсер беретін қызықты туристік өнімдерді ұсынатын, белсенді демалысқа арналған жаңа бағыт ретінде ресейліктерге таныстырылатын болады.
«Географиялық жақындықты, дамыған көліктік логистиканы, тарихи байланыстарды және басқа да факторларды ескерсек, Ресей Қазақстанның туризмі үшін ең басты туристік нарықтардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде өзімізде бар ұсыныстарға қоса, ресейлік туристерге қосымша белсенді демалыс түрлерін ұсыну бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, біздің міндетіміз – елімізге басқа мақсаттармен келген адамдарды белсенді демалыс түрлерімен қызықтыру. Мысалы, іскери және MICE-туризм, туыстар мен достарға (VFR туризм) немесе транзиттік мақсатпен келген адамдарға парапланмен ұшу, тауға жаяу серуенге шығу, шаңғы курорттарына бару және басқа да белсенді демалыс түрлерін ұсынып, елімізде тағы бірнеше күнге қалдыруға болады», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов.
MITT көрмесіндегі Қазақстан павильоны, былтырғыдай, «Adventure» тақырыбында жасалды. Алайда биыл эко- және белсенді туризмге қоса стендте гастрономия және этнофуд тақырыбы да ұсынылады.
Арнайы осы үшіншақырылғанеліміздің ең танымал бармендерінің бірі Алибек Джайбергенов, жақындаБерлинде өткен ITB көрмесінде қонақтарымыздың көңілінен шыққан бармен-шоуын және қымыздан жасалған коктейльдерін көрме стендінде ұсынбақ.
Ал белсенді демалысты үлкен күш иесі, қазақстандық батыр Сергей Цирюльников ұсынатын болады. Ол былтыр Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің басшыларын өз шеберлігімен таңқалдырған еді.
Сондай-ақ, аталған форумда екі елдің Президенттері артқан міндеттерді бірігіп жүзеге асыру мақсатында, көрмеде Ростуризм және басқа да туристік ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған.
АО «НК «Kazakh Tourism»
«Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылдың шілде айында құрылды. Компанияның негізгі міндеттері еліміздің туристік әлеуетін шетелде насихаттау, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту. Жоспар бойынша, туризм индустриясының Қазақстан ЖІӨ үлесі 2025 жылға қарай 1%-дан 8%-ға дейін өсуі тиіс (әлемдік орташа көрсеткіш – 10%, Ресейде – 3,49%)
MITT
Көрме 1994 жылдан бастап өткізіліп келеді, және Дүниежүзілік көрме индустриясы ассоциациясының (UFI) белгісін алған. 20 жылдан бері MITT көрмесі Ресейдің туризм саласындағы басты іс-шара ретінде танылған. Көрме «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде 7 павильон мен залдардағы 40 000 шаршы метр ауданда өткізіледі.
2018 жылы көрмеге 93 елден және Ресейдің 80 өңірінен туризм саласының 22 777 маманы келді, ал қатысушылар саны 239 елден келген 1700 компанияны құрады.
«Kazakh Tourism»ҰК» АҚ
Даниель Сержанұлы
press@qaztourism.kz
+7 7172 919 522