№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мемлекеттік басқару академиясында Александр Машкевич дәріс оқыды

Мемлекеттік басқару академиясында Александр Машкевич дәріс оқыды


Мемлекеттік басқару академиясында «Digital қолданумен этикалық басқарудың жаңа әдістері» тақырыбында Еуразиялық топтың (Eurasian Resources Group) директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің қонақ дәріс болып өтті.

Александр Антонович өзінің бірінші дәрісінде Академия тыңдаушыларына Digital қолданумен этикалық басқарудың жаңа әдістері туралы айтты.
Дәріскер қазір бүкіл әлемдегі үкімет пен мемлекеттік басқару органдарының алдында тұрған негізгі сын-тегеурінді талаптар туралы айта келе, егер бұрын мемлекеттік басқарудың міндеттері түсінікті және құрылымдалған болса: жоспар, бекітілген бюджет, бөлінген қаражат, белгілі бір KPI жиынтығы бар болса, бүгінгі таңда негізгі міндет – бұлсын-тегеуріндерге әрекет ету екендігін атап өтті. Мұныдеректерге ие бола отырып қанатиімді іске асыруға болады. Олардың көлеміөте көп. Оғанdigitalқұралдар көмектеседі (цифрлық із, предиктивті талдау). 21 ғасыр – ақпараттық әлем, ол алуан түрлі қажеттіліктер мен сұраныстарды тудырады. Егер бұрын қажетті мөлшерде жай ғана мектептер қажет болса, бүгінгі таңда - белгілі бір (шын мәнінде, аса түсінікті емес) дағдылары, түрлі форматтары, өз жеке тұжырымдамалары бар мектептер қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік басқару сапасын жетілдіру үшін министрліктер мен ведомстволардың жұмысында жаңа технологияларды енгізу қажет, бұл технологиялар жай сәйкес болып қана қоймай, азаматтық қоғамның дамуынан озық болуға тиіс.
Ашық мемлекеттік басқару мен смарт-келісім-шарттарүшін үлкен мүмкіндік беретін технология ретіндеБлокчейнтуралы көп айтылды.Дәріскерэкономикалық және демографиялық көрсеткіштерден бастап жалға алынған велосипедтерді пайдалану статистикасына және автобус маршруттарының жүктелуіне дейінгі көптеген параметрлерді жинақтауға және талдауға мүмкіндік беретін,келешектің негізгі технологиялары болып табылатын«Big Data»жайында көп ой білдірді. «Болашақ қаласы»тақырыбы аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.
Александр Машкевич Ақкөл қаласы туралы, онда оның командасы мемлекеттік органдармен және Қазақтелекоммен бірге «оқуға» және «ойлауға» қабілетті біртұтас тірі организм ретінде жұмыс істейтінкогнитивті қалатехнологиясын қолданғандығы жайында айтты.
Оның айтуынша, Ақкөл қаласындағы платформаның негізі ашық деректермен толықтырылған видеоаналитика мен сенсорлар болып табылады. Бұл ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей шешім. Интеллектуалды жүйенің негізгі терезесі барлық сәулет нысандары, инженерлік инфрақұрылым, сенсорлары бар қаланың цифрланған картасы болып табылады. Когнитивті қала – бұл, әрине, қауіпсіз қала, онда жайлы өмір сүруге және өзін әлеуметтік тұрғыдан қорғалған деп сезінуге болады. Мамандар қаладағы бейнекамераларды төбелесті, адамдардың жаппай жиналуын, қараусыз қалған заттарды, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде анықтауға үйретті. Сонымен қатар, видеоаналитика жүйесі адамдардың бет-әлпетін тануға мүмкіндік береді. Мысалы,бейне синопсис технологиясынемесе берілген параметрлерге жауап беретін эпизодтарды ғана бере отырып, көп сағаттық бейнежазбаларды жылдам «конспектілеуге» мүмкіндік беретін бейне конспект.
Мемлекеттік қызметшінің қазіргі заманғы портреті туралы айта келе, лекторкөптеген әлемдік сарапшылар бүгінде басты тренд – мемлекетті цифрлық платформа ретіндеқұруға деген талпыныс екендігімен келісетіндігін атап өтті. Бірақ бұл құзыреттілікке түбегейлі жаңа талаптар қояды.
«Бүгінде мемлекеттік қызметші тек білікті ғана емес, ең бастысы –халық арасында сенімге ие болу керек. Бұл заңды, әділ биліктің басты көрсеткіші – сенім және ол расында да оңай келмейді. Билікке деген мұндай сенім тікелей елдің әл-ауқатына оң әсер етеді. Қалайша? Қазір сіздің алдыңызда бизнес өкілі, егер мен аппарат ретінде мемлекетке сенетін болсам, менұзақ мерзімді жоспарлауғамүмкіндік бере аламын. Сол кезде мен осы елдегі жобаларға инвестициялаудан, айналым қаражатын алудан, оларды жобаларға тағы да салудан қорықпайтын боламын. Сондықтан да біздің корпорация мемлекеткебасқару барынша ашық болатынжүйелерді құруға көмектесуге мүдделі», - деп түйіндеді А. Машкевич.
Танымал спикердің дәрісі екі сағатқа созылды, дәріске қатысушылар цифрландыру, білім беру, болашақ мамандықтары, Қазақстандағы өндірісті дамыту, экология, тіпті философия салаларында өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Дәріс аса қызығушылық тудырды.
ДәріскеМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Академия мен Агенттіктің қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақбейнеконференцбайланыс арқылы өңірлік МҚД мен Академия филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Қонақ дәрісі аясында Машкевич Александр Антоновичке Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен игілікті ынтымақтастығы үшін Академияның құрметті профессоры атағы берілді.
06 наурыз 2019 ж. 631 0