№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкімдік қызметкерлерінің жалақысы өседі

Әкімдік қызметкерлерінің жалақысы өседі

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті жерде халықпен жұмыс жасайтын мемқызметшілердің жалақысын көтереді тапсырды, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы"  газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
ÓкÑмдÑк ÒÑзмеÑкеÑлеÑÑнÑÒ£ жалаÒÑÑÑ Ó©ÑедÑ
   «Жергілікті атқарушы органдарда төменгі сатыда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеруіміз керек. Олар облыстар, аудандар мен ауылдарда халықпен тығыз жұмыс істейді. Сондықтан осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтеруді тапсырамын. Әйтпесе, бізде орталық пен аймақтардың жалақысы жағынан қатты айырмашылық бар. Ондай қызметкерлерге қолдау жасауымыз қажет», - деді Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.

   Президенттің айтуынша, әкімдік қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 2019-2021 жылдары аралығында қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.

  Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларда әрбір баланың төлемақысын 21 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды. Бұдан бөлек, мүгедек балаларды асырап отырған отбасылардың жәрдемақысы 30 пайызға өседі. 

27 ақпан 2019 ж. 1 039 0