№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МОБИЛЬДЫ ТОПТЫҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН

МОБИЛЬДЫ ТОПТЫҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫН

Жақында аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2019 жылдын 1-қаңтарынан бастап күшіне енген әлеуметтік-еңбек саласындағы өзгерістері түсіндірілді. Аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков модераторлық еткен жиынға облыстан арнайы құрылған мобильді топ мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Бірыңғай жиынтық төлемі, электрондық еңбек биржасы, базалық зейнетақы тағайындау әдістемесі, және әйелдердің зейнетке шығу жасының кезең-кезеңімен ұлғайтылуы мен Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жаңашылдығы айтылды.
Бірінші кезекте, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жөне әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жанар Даулетбаева жастарды облыс көлемінде бос орындарға жұмысқа орналастыруды қолға алынып жатқанын тілге тиек етті. Әрі қай мекемелерде жұмыс қызметтер жетіспеушілігі байқалса, сол қызметтерге мамандарды жұмысқа шақырып, толықтыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Ал, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов Заңға енгізілген толықтыруды толыққанды бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді.
Бас сарапшының сөзінше, емделу­шілердің арасында қант диабеті, жүрек кінәраті бар кісілер, жүкті әйелдер, түберкулез ауруларына ақысыз дәрі-дәрмек алумен қатар, жедел жәрдем медициналық санитарлық авиа тасымалы тегін.
Сондай-ақ Абылайхан Рахымов Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 20 пайызды құрайтынын жеткізді. Ал, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері болып бекітіліпті.
Мұнан кейін мінберге көтерілген Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім башысы Сауле Алшынбаева жұмыскерлермен жұмыс беруші арасындағы келісімшарт туралы өрбітті. Сәуле Алшынбаеваның айтуынша, жеке кәсіпкерлермен меке­ме­лерде жұмыс істеген кезде әркез келісімшартқа отыру керек. Өйткені, екі адамның Заң жүзінде жасасқан келісімшарты әркез енбек ақысынын дұрыс төлену не дұрыс төленбегенінен дау туындаған кезде дәлелдейтін құжат болып есептеледі екен.
– Негізі жеке кәсіпкерлерге жұмысқа қабылданған кезде кәсіпкер тек істелген жұмысының ақысын төлейді. Ал, жинақыңызға, сақтандыру қорына ақша аудармайды. Міне, мәселенің бәрі осы жерден басталады. Сондықтанда мұндай екіжақты келісімшартқа отыр­маған жағдайда біздің тараптан еш көмек бере алмаймыз. Себебі, құқықтық сауаттылықтың мәнін көпшілік түсіне бермейді, – деді Сауле Алшынбаева.
Сондай-ақ басқосу барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитетінің облыс бойынша департаменті башысының орынбасары Лиман Боранбаева болса Қазақстан Республикасының 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңына енгізілген өзгерістерді атады.
Өздеріңізге белгілі, Президент Жолдау­ында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалып­тастыруға пәрмен берген болатын. Олардың құқықтарын қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын жақсарту – күн тәртібінде. Жақсартып қана қоймай, әлеуметтік төлемнің көлемін ұлғайтуды да басты назарда. Осы бағыттағы мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде Лиман Боранбаева айтып берді.
– 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап І-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы 2715 теңгеге өсіп, 57 021 теңге болды. Ал, ІІ-топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2163 теңгеге артып, 45 438 теңге болса, ІІІ-топ мүгедектердің алатын көлемі 30 886 теңге. Оған қоса, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы да аздап өсті. Мәселен, әкесі немесе шешесінен айырылған толық емес отбасылар бір бала үшін 25541 теңге яғни, бұрынғымен салыстырғанда 1200 теңгеге көп көмек алуда деген сөз. Ал, бала кезінен І-топ мүгедегін тәрбиелеп не күтім жасап отырған отбасылардың жәрдемақысы 1484 теңгеге ұлғайды. Әрине, мұның өзі азда болса, көмек. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдау, – деді Лиман Боранбаева.
Мұнан бөлек, І-топ мүгедек баланың күтіміне және оның асырауына байланысты 2018 жылда жәрдемақы мөлшері 29698 теңгені құраса, 2019 жылдан бастап 31183 теңгеге көбейгені белгілі болды.
Сондай-ақ бала туғанда берілетін бір реттік төлем 4,5 мың теңгеге өскен. 2018 жылы бір реттік берілетін жәрдемақының көлемі 91390 теңге болған болса, 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап 95 950 теңгеге жеткен. Оған қоса, биылдан бастап 4 баланы босанған аналарға да бір реттік жәрдемақы 151 515 теңгеден 159 075 теңгеге немесе 7560 теңгеге көбейген. Бұл өз кезегінде жас босанған келіншектерге бір қорап жасанды жөргек алуына көмек.
Жалпы айтқанда, Елбасы Жолдауы көптеген өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне ұйытқы бола бермек. 2019 жылы қазақстандықтардың әл-ауқаты өсіп, табысы мен тұрмыс сапасы да арта түсері айқын. Бұл бағыттағы жемісті жұмыстардың бастамасын әкімдікте өткен алқалы басқосудан түйдік.

Қайбулла РУСТЕМОВ.

13 ақпан 2019 ж. 978 0