» » СЫР ЕЛІНДЕ "САМҒА" ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

СЫР ЕЛІНДЕ "САМҒА" ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

  
   Күні кеше Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында жаңа жоба іске қосылды. Жобаны табысты жүзеге асыру аясында Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меморандумға қол қойды.
     Аталмыш меморандум аясында Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанатымен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастар жылының қарсаңында «Самға» жобасын бастады. 
Жобаның негізгі мақсаты жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету және оқушыларды, студенттерді, жастарды кәсіпкерлікке жан-жақты бейімдеу. Нарық талабын үйрете отырып, кәсіптің жаңа қырларын меңгерту.
    Облыс әкімінің қолдауымен 2017 жылы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастады. Орталықта кәсіпкерлерге жер мәселесі, сәулет және құрылыс, мемлекеттік кірістер, қаржыландыру институттарын қаржыландыру шарттары, инженерлік коммуникацияларға қосылу, банкке дейінгі және одан кейінгі жобаларды сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетудің 70 түрін «бір өтінім» қағидатымен ақысыз негізде көрсетеді.
    Кездесу барысында облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Т.Тілес «Жұмыссыздықтан құтылудың даңғыл жолы, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту. Жобаның басты мақсаты да осыны көздейді. Жоба аясында түрлі бағытта жұмыстар жүргізілетін болады» - деді.
07 ақпан 2019 ж. 855 0