Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ЖӘНЕ «ЖЕТІ ҚАЗЫНА»

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ЖӘНЕ «ЖЕТІ ҚАЗЫНА»


Елбасы бағдарламалық мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, ұлттық құндылықтарын қастерлеуге міндеттеп отыр. Ұлттың сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі және өмірді, табиғатты тануының нәтижесінде қалыптасқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпы өзгелерден ерекшелейтін негізгі құндылықтары. Ал, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы және т.б. баға жетпес асыл қазына. Жаһандану дәуірінде ұлтты сақтайтын тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті тұр.

Осы ретте, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған мақаланың жеті санымен байланысын сөз етсек. Қазақта жеті саны қашанда киелі. Оған «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел тексіз», деп жеті санын айрықша қадір тұтқаны дәлел.
Ұлы даланың жеті қыры, төл тарихымыздың кереметі жайында айтылғаны айқын. Адамзат тарихында әлем кереметтері «жеті» деген санға көптеп назар аударады. Неге жетеу? Жетіден басқа сан неге алынбаған? Бұл сұрақтарды талдау үшін өткенді еске алып, тарих бедеріне көз жүгіртсек. Әу баста, ұлт түсінігінде жеті қабат аспан мен жер, Меккедегі Қағбаны – жеті рет айналу, Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы, жеті ата, жеті нан тарату, аптаның жеті күні, жеті қазынаның бәрін осы жеті санымен қалыптасқан.
Елбасы мақаласындағы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөліміндегі жеті қырын алсақ, қазақтың салт-дәстүріндегі жеті қазынамызды толық ашып береді.
Мәселен, жүйрік ат. Атқа міну мәдениеті Қазақстанның солтүстік өңіріндегі «Ботай» қонысындағы қазба жұмыстары алғашқы жылқы тұқымының біздің өңірімізде үйретілгенін айғақтады. Ер баланы сүндеттке отырғызғанда немесе сыйлы адамдарға жылқыны сыйға тартып жатады. Яғни жылқы жануары ер жігіттің қанаты деп білеміз.
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарына сай өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылған. Ол кезде «Ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеген. Міне жылқыға деген құрмет.
Екіншіден, берен мылтық пен өткір кездікті айтар болсақ, ер жігіттің қаһарлы оты, қылыш пен кездігі – сұсы. Ұлы даладағы ежелгі металлургияның дамуы қазақ жерінде жетерлік. Жаңақорған ауданы Шалқия кенінен, қорғасын, доламит, кварцит, калцит, мырыш шығады. Орта ғасырлық кезеңдерге оралатын болсақ, Сыр өңірінің 4 тарихи жерінде теңгехана болған. Олар; Сығанақ, Өзгент, Жент, Жанкент қалаларында алтын, күміс, мыс теңгелер шығарылып отырды. Міне, болат қылыш, алтын кездіктер біздің жеріміздегі технологиялық дамығанымызды, мәдениетіміздің жоғары екенін паш етіп тұр.
Үшіншісі, «Құмай тазы» қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ит адамдарға жануарлар ішіндегі ен жақыны. Демек, түзге шыққанда да, тұрмыста да ит жанымызда жүретіні анық. Қазақстандағы аң стилі жартастағы тасқа қашалған петроглифтерден қарасаңыздар аңдар мен жануарлардың суретін көптеп кездестіреміз. Сол уақыттың мәдени тұрмыс тіршілігін бізге жануарлар бейнесімен жеткізгендей. Сурет салу, кескіндеме жасау, түрлі металдардан оюлап бейнелеу өнерінің дамығандығын көреміз.
Төртіншісі, «Ер жігіт немесе сұлу қыз» – елдің бәріне сұлу қайдан табыла берсін, бірақ сұлу болсын-болмасын, ол-ер-азаматтың артындағы қамалы, отының берекесі. Сұлу әйел дегенде тек бет көркі емес, оның жан тазалығы, ақыл парасатын айтқаны болуы керек. Беті жылтыраған әйелдердің бәрі қазынаға жатпаса керек. Жалпы ер жігіттің басында осы сипаттары түгел болуы керек. Алтын адам десе бірден сақ дәуірі еске түссе сол кездегі сақ патшайымы Томирис жауынгер ханшайымда тарихтан жақсы білеміз.
Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды.
Академик В.В Бартольд қаңлы тайпалары Сырдарияның орта тұсында өмір сүрген деп тұжырымдайды. Ал археолог-тарихшы А.Н. Бренштам бұл пікірді қуаттай келіп, сол қаңлы тайпаларының бір саласы Сырдарияның орталық ағысындағы Жаңақорған қаласынан сүлтүстік-батысқа қарай, Қазалыға дейінгі үлкен аймақты алып жатқандығын айтады. Демек, бұдан қаңлы тайпаларының ежелгі Жаңақорған өңіріндегі сақ тайпаларының тікелей жалғасы. Тиграхауда сақтары немесе «шошақ бөрік киген» сақтар. Бұлар қазіргі Сыр бойы мен Қаратау өңірін, Талас пен Шу алқаптарын, Ыстықкөл мен Балқаш жағалауларын алып жатқан (Жаңғырған Жаңақорған; А.Сопыбеков).
Осы мәліметке тұздық болғандай, 2016 жылы МАИ бекетінің оңтүстік шығыс жағындағы 17 археологиялық обаның біреуіне қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сақ дәуіріне жататын алтын адамның әшекей бұйымдары табылды. Атап айтсақ, қапсырма, алтын жіптер, тойтарма, қылыштың бөліктері, саусақ сүйектері зерттеліп музей қорына өткізілді.
Бесіншісі, «Ілім – білім». Адам баласы өмірінің соңына дейін білім алады. Түркі әлемінің бесігі дегендей, моңғол шапқыншылығына дейін Отырар кітапханасынан қаншама ғұламалар білім алды. Елбасы айтқандай, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесіде бар.
Алтыншысы, «Қыран бүркіт» – ер жігіттің қуаты. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең алқапты ата-бабамыз ақ білектің күшімен, найзаның ұшымен қасық қаны қалғанша қорғап, әрбір қарыс қадам үшін тер төкті. Ата-бабамыз ұлының құл, қызының күң болмауы үшін талай-талай шайқастарда басын бәйгеге тігіп, бойындағы өшпес иман мен мұқалмас жігердің арқасында сайыпқыран батырлықтың үлгісін көрсетті. Осылайша жер аумағын шегелеп тұрып бекітіп, салт-дәстүріміз бен тарихымызды бойына жинаған ана тілімізді ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп табыстап кетті. Ахмет Байтұрсынов атамыз: «Атадан балаға екі түрлі байлық қалады: бірі – байтақ жер, бірі – байтақ тіл» деген. Біздер екі бірдей байлықтың иелеріміз, ендеше!
Көк айдынды Каспийден кенді Алтайға, қарт Оралдан ақ басты Алатауға дейінгі аралықты алып жатқан кең байтақ Ұлы Дала жеріне – тұтас алғанда: 40 Израиль, 10 Швейцария, 2 Франция, 6 Албания, 5 Бельгия сияды екен. Ұлы Жібек жолы Қытайдан Таяу Шығыс елдерімен байланыстырады. Міне осы жолдардың бойында орналасқан, Жаңақорған ауданы өркениеттік мемлекеттерге екі транзиттік жолмен байланысады. Олардың бірі – «Батыс Еуропа және Батыс Қытай» автожолы және темір жол (Түрксіб темір жолы желісі) арқылы сауда және мәдениет саласы өркендеуде. Көк туымыздағы қыран құсымыз өз жерімізде еркін самғаудың белгісі.
Сонымен қатар, мақаладағы ұлттық құндылықтарды ұлықтау және руханият өндірісін жаңғырту жайын жылы қабылдадым. Мақалада тарихи-сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құнды құдірет екені айтылды. Әрі бұл – тәуменді тарихтың, бүгінгі бейнесі ретінде жарқын келешектің көкжиегін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасына теңеді. Асылында ықылым заманнан арқау үзілмеген салт-дәстүрлеріміз алдағы өркендеудің берік діңгегі деп білемін.

Бақдәулет ХАЙРУЛЛАҰЛЫ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы.


05 ақпан 2019 ж. 5 195 0