» » САЛАЛАРДА СЕРПІН БАР

САЛАЛАРДА СЕРПІН БАР

Жаңақорған соңғы жылдары құрылыс нысандарының алаңына айналды. Өткен жылы Қызылорда облысында 8 мектеп бой көтерсе, оның 4-і Жаңақорған ауданында жүргізілді. 2017 жылы Екпінді, Қожамберді және Жаңарық ауылдық округі әкімдігінің ғимараты пайдалануға берілді.

Жүйелі жұмыстардың арқасында жұмыспен қамтылғандар саны артты. Былтыр 3959 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жоспар 103 пайызға орындалды. Мұндай көрсеткішке жетуде 2018 жылы жұмыспен қамту орталығы бизнес идеяларды ұйымдастыру үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін 100 адамға 24 500 000 теңге қайтарымсыз грант берді. Бұл – басқа аудандармен салыстырғанда 2-3 есе көп.
Жастар саясатына байланысты да тыңдырымды тірлік бар. Әсіресе, жұмыссыз жастарды қолдаудың тиімді тетігі табылды. Кәсіпкерлікке ынталы жастар ZhasProject жобасы аясында кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алды. Атап айтқанда, 160 жоба тапсырылып, оның 69-ы қолдауға ие болды. Бұл дегеніміз, 247 жас 6 ай бойы өз өзін жұмыспен қамтып, 149 млн. теңге инвестиция тартылды деген сөз.
Кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы саласындағы жүйелі жұмыстар экспорттық өнімдердің көлемін артуына септігі тиді. Біріккен Араб Әмірлігіне ауданнан тікелей 10 бас түйе экспортталды. Сонымен қатар Шет елдерге экспорттау мақсатында Түркістан облысындағы ет комбинаттарына, «Ақсеңгір», «Көбелдес», «Тұртан Ата» шаруа қожалықтарынан 5665 бас қой өткізілді.
2018 жылдың 12 айында аудан бойынша 1775 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 24,1, табиғи өсім көрсеткіші – 17,9 промильді құрады. Сондай-ақ, тіркелген өлім-жітімнің жалпы саны – 336 – 4,5 (2017ж 12 ай – 370-5,0) көрсеткішті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 0,5 көрсеткішке төмендеген. Ең бастысы, соңғы 3 жыл көлемінде ана өлімі тіркелген жоқ.
02 ақпан 2019 ж. 542 0