Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақ балуаны Айбек Нұғымаров басшылық қызметке тағайындалды

Қазақ балуаны Айбек Нұғымаров басшылық қызметке тағайындалды

Белгілі балуан Айбек Нұғымаров Семейдегі көлік колледжінің директоры болып тағайындалды, деп жазады Sputnik.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бұйрығымен Айбек Нұғымаров Семейдегі көлік колледжінің директоры болып тағайындалды. Бұл жаңалықты Sputnik Қазақстан тілшісіне балуанның өзі растады.
"Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі ұсынды. Тағы бір колледжде бауырым директор еді. Сонда ІТ-технология бойынша жаңа жобалар әзірлеп, енгізген болатынбыз. Облыс әкімі соны көріп, осы колледжге мені тағайындады", - деді қуанышты жаңалығымен бөліскен ол.
"Қазақстан барысы" қазақ күресімен хобби ретінде айналыса бастағанын, ал негізгі мамандығы педагог әрі заңгер екенін атап өтті.
"Облыс басшылығы маған сенім артып, жауапты қызметке тағайындап отыр. Менің басты мақсатым – сол сенімді ақтап, колледжді алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына қосу. Осы жолда бар күшімді салып еңбек етемін", - деді Нұғымаров.
Айта кетсек, Айбек Нұғымаров – 2013 жылғы "Қазақстан барысы", екі дүркін "Әлем барысы". Ауыр салмақ дәрежесінде халықаралық санаттағы спорт шебері.

01 ақпан 2019 ж. 1 102 0