"10 млн теңге": Ернар Айдар бір айда қанша табыс табатынын жайып салды
Қос-қостап клип түсіріп, биылғы жылды тың жаңалықтарымен бастаған Ернар Айдар бір айда 10 млн теңге табыс табатыны белгілі болды. Бұл туралы "Хит-Тв" арнасының"Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz хабарлайды.
Әнші тапқан қаражатының барлығын клиптері мен киім-кешегіне жұмсайтынын айтады.
"Біраз болады. Бір айда 10 млн теңге. Сапалы ән шығу үшін 2 000 доллар кетеді. Ал бейнебаянның ең төмені - 1 млн теңге болады. Шығыс бар жерде, кіріс те бар. Бірақ қазір кіріс толық болмай жатыр", - дейді Ернар Айдар.
Айта кетейік, әнші жақында ғана Мейрамбек Бесбаевпен бірге клип түсірген болатын. Ернар Айдар өнердегі ағасымен түсірген бейнебаянның шығынын толықтай өз мойнына алған.
"Мен ағамнан сұрамаймын ғой. Ұсынысымды қабылдап, менімен ән айтып, түн жарымында клипіме түскенін дүниеге сатып ала алмайсың. Үнемі мені "Ернар кішіпейіл адам" деп жүреді", - деп әнші ағынан жарылды.

Пікір 2