Қызылордада 3 апта бұрын жоғалған балықшылар табылмай жатыр
Қызылорда облысының құтқарушылары 3 аптадан бері Сырдария ауданының 2 тұрғынын іздестіріп жатыр деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар 17 желтоқсан күні балық аулауға шығып кеткен. Мамандардың айтуынша Қараөзек арнасындағы көпірден өтерде жүргізуші көлікті басқара алмай, өзенге құлаған. Мұз жарылып, көлік бір сәтте су астына батып кетеді. Құтқарушылар жасағы келіп өзектен техниканы алып шыққан. Бірақ балықшылар табылмай отыр. Су асты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы өткен жылы аймақта осындай 7 оқиға орын алған.
Пікір 2