№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН НАҒЫЗ АЗАМАТ

ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН НАҒЫЗ АЗАМАТ


Ник Вучич есімді кәсіби мотивациялық ораторды танымайтын жан жоқ шығар, сірә! Жаһан жұртына өзін Жаратқанның сынағына төзе алған қайсарлығымен таң қалдырған ерекше адам. Тумысынан аяқ-қолы жоқ сирек кездесетін дертке шалдыққан Ник бүгінде биік белестерді бағындырды. Бірақ, біз айтқалы отырған жігіт нағыз азамат. Есімі де Азамат. Жаңақорғанның тумасы. Қазір Алматыда тұрады. Жаратқанның сынағына мойымай, 12 мүшесі сау азаматтардың ісінен артық амалда жүр. Қос қолынан айырылған қайсар ұлдың жігері ізінен ерген іні-қарындасқа үлгі. Әңгіменің әлқиссасын әріден бастасақ.

1998 жылы бірінші сыныпты тәмамдап, балалармен асыр салып ойнап жүреді. Кенет, бір үлкен кісіге қол жәрдемін бергісі келіп, транформатордың үстіне шығады. Періште пейілді перзенттің ойында ешнәрсе жоқ. Ниеті – тек көмектесу. Бірақ, күн жаңбырлы болып, кенеттен тоққа түседі. Аудандық, облыстық ауруханалардың есігін жағалап жүргенде, денсаулық сақшылары Азаматты аман алып қалу үшін, қос қолын кесу керектігін айтады. Міне, осындай қатал тағдардың соқпағынан сынағынан өткен сабырлы жігіт бүгінде біраз белесті бағындырды. Спортты жанына серік еткен Азамат үстел теннисінен Қазақстан чемпионы. Жүзуден «Халықаралық спорт шебері». Бұл күнде бір ұл, бір қыздың әкесі атанған арда жігіт әншілік өнерді жанына жақын тұтытып, жеке шығармашылығын дамыту үстінде. Біршама әндері әлеуметтік желі арқылы бұқараға тарап, танымал хит әндер қатарынан табылды. Енді осы әндерді сіздердің де тыңдау мүмкіндіктеріңіз бар. Құрметті жаңақорғандықтар! Сәрсенбінің сәтті күні (26.12.2018ж) аудандық мәдениет үйінде кешкі сағат 18:00-де жас әнші Азамат Оразбектің «Қатал тағдыр» жеке шығармашылық ән кешіне шақырамыз. Билет құны 500 теңге.
Әбдісамат ӘБДІШ

25 желтоқсан 2018 ж. 1 199 0