№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Нұрсұлтан Назарбаевтың ресейлік телеарнаға сұхбаты: Біз келешекке оптимизммен қараймыз

Нұрсұлтан Назарбаевтың ресейлік телеарнаға сұхбаты: Біз келешекке оптимизммен қараймыз

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ресей 24» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанның келешегі, Ресей басшысы Владимир Путинмен достық қарым-қатынасы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ÐÒ±ÑÑұлÑан ÐазаÑбаевÑÑÒ£ ÑеÑейлÑк ÑелеаÑнаÒа ÑÒ±ÑбаÑÑ: ÐÑз келеÑекке опÑимизммен ÒаÑаймÑз

  Сұхбат барысында журналист Андрей Кондрашов Президенттен Қазақстан мен өңірдің, тіпті жалпы әлемнің келешегін қалай елестететіні туралы пікірін сұрады.

  «Келешек туралы айту жөн деп есептемеймін. Біз Пайғамбар емеспіз. Осы пайыммен ой өрбітер болсақ, болашақтың қалай болатынын тек бір жаратушы білері анық. Біз келешекте Қазақстанды қалай елестетеміз? Қазақстанды Орталық Азиядағы елдерден, шекарамыз ұзақ шақырыммен шектесіп жатқан Ресейден, 2 мың шақырымдық шекарамыз шектескен Қытай Халық Республикасынан бөлек жырып елестетуге келмейді. Бәрі де жағдайлардың жай-күйіне тәуелді. Айтады ғой: егер сен жеріңе егін ексең, көршіңнің бауы арамшөпке толып тұрса, сенің де бақшаңды арам шөп басады. Сол себепті, сауда жүргізіп отырған елдің де дамуын тілеу өте маңызды. Біз келешекке оптимизммен қараймыз. Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін тиісті жұмысты атқара аламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

  Елбасы өз сұхбатында Ресей басшысы Владимир Путинмен достық қарым-қатынасы туралы да сұраққа жауап берді.

  «Екі мыңыншы жылы Владимир Владимирович Путин саясатқа келгеннен кейін-ақ біз бірінші күннен бастап байланыс орнатып, бірлесе өте күрделі мәселелерді шешіп келеміз. Бұл, ең алдымен, ұзындығы 7,5 мың шақырымға созылып жатқан шекарамызды айқындау еді. Әрбір шақырымды, әрбір метрді сызу керек болды. Қытаймен 100 жыл бойы шекараны айқындай алмау тарихы есіңізде болар. Бұл өте үлкен сұрақ. Сол секілді Каспий теңізінде де мәселені шешу керек болды. Шешетін сұрақтар әлбетте оңай емес еді. Мәселен, Ресей зымыран және ғарыш саласындағы басты ғарыш айлағы болып саналатын Байқоңырдағы мәселелер де есіңізде шығар. Осының бәрі де күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан Владимир Владимировичпен өзара сенімнің, ізгі қарым-қатынастың арқасында ретке келтірілді», - деді Мемлекет басшысы.

  Нұрсұлтан Назарбаев осы уақыт аралығында ТМД-да және ЕАЭО-да жүргізілген барлық интеграциялық сұрақтарда қарым-қатынастардың қыры әртүрлі болып жататынын атап өтті.

  «Оларды біздің интеграциялық бірлестікте бірлесе шешіп отырамыз. Әлбетте, ауқымы мен адами ресурсы, экономикасы бойынша сөзсіз, Ресей орталық орынға ие. Сол себепті, осы қарым-қатынас көмектесіп жатыр. Мен бұрын да Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастар үлгі бола алатынын мәлімдеген едім. Егер дәл сондай қарым-қатынас әлемдегі көптеген көршілес елдерде болса, қазір бастан өткеріп жатқан қиындықтар бізде болмас еді», - деді Мемлекет басшысы.

  Сонымен бірге, жүргізуші Қазақстан Президентінен: «Сіз әлі де үстел басында кеңестік, орыс әндерін орындайсыз ба?», - деп сұрады. «Ал сіз ше? («Иә» деп жауап берді жүргізуші). Міне, көрдіңіз бе. Мен өзіме жақын екі мәдениетте тәрбиелендім - туған қазақ және орыс мәдениетінде. Бізде уақыт сондай болды. Кеңестік кезеңде өстік. Бір ел, бір түсінік, комсомол мен партия, интузиазм мен жастық болды. Біз ән де айттық. Барлық әндер әлі көңіл тербетеді. Әндер әртүрлі әрі көп. Орыс әндері алқап сынды, Волга өзені секілді кең, әуезді.  Егер сіз байқасаңыз, қазақтың әндері де әуені шалықтаған әуезді келеді. Бір америкалық мейманмен отырғанымызда ол менен әншіміздің біріне қарап «неліктен сонша қатты айғайлайды?» деп сұрап еді. Мен оған «біздің даламызды қараңыз, қазақ баласы сол даламен келе жатады да, бар дауысымен ән айтады» дедім. Міне, сондықтан, бізде әндер тұрғысынан ұқсастық бар. Осындай әндерді айтамыз», - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.  

03 желтоқсан 2018 ж. 597 0