№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елбасы коммуналдық тарифтерді заңсыз өсірген монополистерді жазалауды талап етті

Елбасы коммуналдық тарифтерді заңсыз өсірген монополистерді жазалауды талап етті

  Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті.
   Елбасы 2009 жылы Қазақстанда «Инвестиция орнына тариф» жобасы қабылданғанын айта келе «Жеті жылдың ішінде ол монополистерге өздерінің өндірістерін жаңғырту үшін миллиардтаған қаржы табуға мүмкіндік берді. Яғни бұл қадам өндіруші қуаттардың барлық қорын жақсартуға негізделді. Инвестициялау мен қуаттарды жаңартудың орнына ірі энергетикалық компаниялар тұтынушылар есебінен заңсыз түрде дәулетін арттырып келген», – деді.
   Мемлекет басшысы тексеру барысында энергия беретін компаниялар тарапынан халыққа келтірілген 14 млрд теңге сомасында шығын анықталғанын атап өтті. 15 млрд теңге сомасында энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың заңсыз кірісі белгілі болды. Елбасы ведомство басшыларына қарата айтқан сөзінде ТКШ-ға бағытталатын шығыстар тұрғындар жұмсайтын қаржының жалпы көлемінде елеулі үлеске ие екен атап өтті. Тариф неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым отбасылық бюджетке жүктеме арта түседі.
«Егер де тариф өсімі қолдан жасалса, яғни нақты экономикалық есептеусіз іске асырылса, онда бұл жағдай әрбір отбасының шығыстарын арттырады. Бұл өз кезегінде менің Жолдауымдағы басымдықтарға қайшы келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Президент Жолдауы жүктеген міндеттерді жете түсінбеген және оны орындауға қауқарсыз меморгандар басшыларының мемлекеттік қызметтегі жұмысы орынсыз екенін жеткізді. «Қызметіне адал қарамайтын монополистер жауапкершілікке тартылуы тиіс», - деп түйді Президент.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жуырда ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялады.
   «Бұл тұрғыда көптеген қаржылық бұзушылықтар анықталды. Монополистер тарапынан өзіндік шығындарын қасақана көтеру және 29 млрд теңге сомасында олардың күмәнді келісімдері белгілі болды», - деді Бас прокурор. Осы орайда ол тариф құрамында қызметкерлерге арналған бонустар мен сыйлықақылар негізсіз қамтылып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, шығыстарды арттыру мақсатында әдейі түрлі үлестес кәсіпорындар, оның ішінде жоғары бағамен жөндеу жұмыстарын жүргізуге әрі жабдықтар сатып алуға сервистік компаниялар құрылған.

www.24.kz
07 қараша 2018 ж. 868 0