№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ШАЛҚИЯ» КЕН ОРНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

«ШАЛҚИЯ» КЕН ОРНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ


Қызылорда облысындағы бұл кәсіпорында кен байытудың инновациялық тік-конвейерлік әдісі қолданылады, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет-газеті Орталық коммуникациялар қызметінде сілтеме жасап.

«Жобаның құны-168 млрд. теңге. Кәсіпорын құрылыс кезеңінде 1 мың адамға дейін, ал кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде 1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады»,деді брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сонымен қатар, «Шалқия» – JORC жіктеуі бойынша 6,5 млн.тонна мырыштың дәлелденген және ықтимал қоры бар мөлшері бойынша әлемде бесінші қорғасын-мырыш кен орны, бұл республиканың барлық қорларының 30% құрайды.

Айта кететіні, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ның бас директоры Асқар Жаукеновтің сөзінше, «Шалқия» тау-кен байыту комбинаты жоғары сапалы мырыш және қорғасын концентранттарын өндіретін болады. Өнімнің өңір экономикасына тигізер пайдасы зор. Жалпы жобаның құны – 235 млрд. теңгені құрайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарын сараптай келе, мұнда 2051 жылға дейін кенді өндіру және байыту жоспарланған. «AMC Consultants (UK) Ltd.» компаниясы «Шалқия» кен орнындағы өнеркәсіптік қоры – 4,8 млн. тонна мырыш, 1,3 млн. тонна қорғасын екенін дәлелдеді. Жалпы, әлемдік нарықта мырыш пен қорғасынға сұраныс жоғары әрі бағасы да тұрақты.  Негізінде өнімділігі 2 млн. тоннаны құрайтын кешеннің 1-кезеңін 2020 жылғы қазан айында пайдалануға беру жоспарда бар. Ал қуаттылығы 4 млн. тоннаны құрайтын алып кешеннің 2-кезеңі өз жұмысын 2021 жылы қараша айында басталады деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыру барысында 1500 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
05 қараша 2018 ж. 1 451 0