№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдау міндеттері: Қазақстандық тауарлардың экспортын арттыратын меморандум жасалды

Жолдау міндеттері: Қазақстандық тауарлардың экспортын арттыратын меморандум жасалды

  2019 жылы 6 мемлекеттің қалаларында Қазақстанның сауда өкілдіктері ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Атамекен» ҰКП және «KazakhExport» компаниясы арасында жасалған меморандумға қол қою барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    Меморандумда Қазақстанның экспорт әлеуетін арттыруға бағытталған үшжақты бірлескен іс-шаралар жоспары қамтылған. Соның аясында отандық тауарларды өңірлік және әлемдік нарықта белсенді ілгерілетуге аса мән берілетін болады. «Бүгін Сыртқы істер министрлігі, «Атамекен» ҰКП және «KazakhExport» компаниясы еліміздің экспорт әлеуетін арттыру мақсатында күш біріктіріп, өзара келісімге қою қойдық. Бұл келісім үшжақты бірігу нәтижесінде экспорт саласындағы көптеген сұрақтарды жүйелі түрде шешуге бағытталған.  Бүгінде экономикаға инвестиция тарту мен экспорт әлеуетін арттыруда өзара ынтымақтасу нәтижелі жұмыс екенін жаһандық тәжірибе көрсетіп отыр. Елімізге қызығушылық танытып отырған инвесторлардың өз жобаларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндік қарастырылған және мұнда талап бәріне бірдей. Сондықтан біз үшін экспорттық әлеуетімізді арттыруда инвестиция тарту маңызды көрсеткіш», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Сонымен қатар министр аталған келісім экспорттық әлеуетті арттыру тұрғысынан ғана емес, ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету үшін де маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздің бүгінгі экспорттық жағдайына тоқтала келе, жыл сайын 450 отандық кәсіпорын мемлекет тарапынан экспорттық сервистік қолдау шараларымен қамтылатынын айтып өтті. «Келесі жылы шетелде еліміздің тағы бірнеше сауда өкілдігі ашылады, атап айтқанда, Ресей (Мәскеу, Қазан, Екатеринбург), Өзбекстан (Ташкент), Қытай (Бейжің, Үрімші), БАӘ (Рас-эль-Хайм), Қырғызстан (Бішкек) және Беларусьте (Минск)», - деді ол. Сол сияқты вице-министр, ағымдағы жылдың аяғына дейін қазақстандық 35 өндірушіге 200-ден астам шетелдік сатып алушының қатысуымен бес іс-шара ұйымдастыру жоспарланғанын тілге тиек етті. Еске салсақ, Елбасы биылғы 5 қазандағы Жолдауында Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес сектор экспортын қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Және басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді міндеттеді.   

inform.kz
31 қазан 2018 ж. 689 0