№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » БҰЛ РАС ПА? ЕГДЕ АДАМДАРЫ ЖАСАРТУ ЖОЛЫ ПАЙДА БОЛЫПТЫ

БҰЛ РАС ПА? ЕГДЕ АДАМДАРЫ ЖАСАРТУ ЖОЛЫ ПАЙДА БОЛЫПТЫ



Дәрігерлер кәрі адамдарды жастардың қанымен емдеудің жолын тапты, – деп жазды Sputnik.кз сайты
life.ru.-ға сілтеме жасап.
Нью-Йоркте Ambrosia Medical емханасын ашу жоспарланып отыр. Мекеме мамандары түрлі аурудың алдын алу үшін егде жастағы адамдарға жастардың қанын құймақ. Бір процедура құны – 8000 доллар (шамамен 3 миллион теңгеге жуық). Медицина саласындағы бұл жаңашылдықтың авторы – Стэнфорд университетінің түлегі Джесси Кармазин. 
Зерттеу нәтижесінде ол жасөспірімдер мен жастардың қаны қарт адамдардың денсаулығына оң әсер ететінін анықтаған. Кармазин негізін қалаған емхана 16-25 жас аралығындағы донорлардан қан жинап, оны 35 пен 92 жас аралығындағы пациенттерге құюды жоспарлап отыр. 
Ambrosia Medical емханасын Нью-Йоркте жыл соңына дейін ашу көзделіп отыр. Емнің қымбат екеніне қарамастан, сауықтыру процедуралары үшін қазір 100-ге жуық адам кезекте тұр екен. 
30 қыркүйек 2018 ж. 804 0