Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты шара өтті. Рәміздер алаңында өткен мерекелік іс-шарада ең алдымен Гимн шырқалды.
Мазмұнды шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Ахметов қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар сала қызметкерлеріне Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Патриоттық жиын барысында мемлекеттік органдарға жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант берді.

Айтулы мерекеде патриоттық әндер орындалды.

#РәміздерРухы
#КонституцияКүші
#РәмізгеҚұрмет
#МеніңТуымМеніңМақтанышым
#ТуымызТөрімізде
#МеніңТуым
04 маусым 2026 ж. 153 0