№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құс өсіру – табысты бизнес көзі

Құс өсіру – табысты бизнес көзі


Қазақстан құс өнімдерінің 50 пайызын шет елдерден импорттайды. Яғни, құс өнімдеріне сыртқы нарыққа тәуелді. Осыны ескерген, аудан әкімі Ғалым Әміреев Ақүйік ауылдық округін пилоттық жобаға ендіріп құс шаруашылығын дамытуға жол ашты. Мұндай мүмкіндікті «Қаратау-Ақүйік» ауылшарушылық өндірістік кооперативі ұтымды үйлестіре бастады.
Құс шаруашылығының жәй-жапсарын көзбен көріп білу мақсатында Бірлікті бағытқа алдық. Жол бастаған ауыл әкімі Әскербек Мұсаев мың жарымға жуық үйрек асырап отырған Ерболат Мамыржановтың шаңырағына апарды. Ұядай ғана қоражайда мыңнан аса үйректі бағып отырған шаруаның ісі ілкімді.
– Өткен жылы құс шаруашылығын дамыту мақсатында құжаттар дайындап, жеңілдетілген пайызбен 3 млн. теңге несие алдық. Үйректерді тағы да бір жарым айдай бағып, ет күйінде сатылымға шығарамыз. Жалпы, үйрек асырау аса ауыр шаруа емес екен. Бастысы, күтімі мен жем-шөбі уақытылы болса болғаны, – дейді кооператив мүшесі.
Жалпы, құс өсіу – ауыл шаруашылығындағы маңызды саланың бірі. Сұранысқа ие құс етінің нарықтағы қымбат бағасы халықтың қалтасын қағатыны ақиқат. Алайда, бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы құс шаруашылығын кеңейту. Ақүйіктегі кооперативтің көздегені де осы. Олар үйректі баптап, өсіріп, облысты өз өнімдерімен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
– Өткен жылы нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында, құс шаруашылығын дамыту мақсатында облыстық пилоттық жоба бойынша ауылдан алты тұрғын несие алып, құс өсіруді қолға алды. Қызылордадағы «Береке» шаруа қожалығынан 330 теңгеден 6756 бас балапан әкелдік. Қазір оларды күтіп-баптап, қайта сату үшін жұмыстар атқаруда, – дейді ауыл әкімі Әскербек Мырзанұлы.
Әкімінің айтуынша, әкелінген әр үйрек балапаны екі келіден кем емес ет бергенше бапталып, қайтадан сол «Береке» шаруа қожалығына ет күйінде сатылады. Еттің әр келісін 800 теңгеден өткізеді. Демек, тірліктің көзін тапқан адам өнімнен екі есе пайда табады деген сөз.
«Қаратау-Ақүйік» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бауыржан Оштанов:
– Кооператив өткен жылдың маусым айында құрылды. Бүгінде мұнда 35 адам жұмыс жасайды. Алдағы қазан айында алғашқы үйректерді сатылымға шығарамыз. Тағы да айта кетерлігі, болашақта кооперативтің жұмысын жандандырып, ірі қара және ұсақ малды бордақылауды да қолға алсақ деп жоспарлап отырмыз.
Иә, «Ынтымақ түбі – игілік, тірлік түбі – бірлік» демекші, бірлесе жұмыс атқарып, кәсібінен нәсібін айырғалы жүрген бірліктік ағайынның берекелі бас­тамасы көпке үлгі.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 849 0