АУДАНДА ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ САЙЛАНДЫ
Жаңақорғанда «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің арнайы өкілі сайланды. Әкімдікте өткен басқосуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің маманы Марлен Оспанов, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әуезхан Дарынов, төраға орынбасары Жақып Өмірзақов, «КазАгроНесие» АҚ-ның Қызылорда филиалы директоры Айдос Жылқыайдаров пен аграрлық бағыттағы серіктестік басшылары мен шаруа қожалық төрағалары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков модераторлық еткен жиында республикалық үкіметтік емес ұйымның жұмысы мен тынысы баяндалды. Бірінші кезекте, Бірлестік президенті Әуезхан Кәмішұлы Одақты басқарған он жыл ішінде атқарған шаруаларын тізбектеп берді. Алқалы мәжіліс соңында шаруа қожалық төрағалары мен мүшелері, жиынға қатысушы барлық кәсіпкерлер «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған ауданы бойынша өкілі қызметіне «Ынтымақ» ЖШС-нің директоры Рахымбаба Құтыбаевқа дауыс берді. Осылайша бірауыздан ауданда ауыл шаруашылығы саласының өрістеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген Рахымбаба Байбосынұлы Фермелер одағының аудандағы өкілдігіне жауапты төраға ретінд сайланды. Оған қоса, өкілдіктің кеңес мүшелігіне 9 адам тағы сайланды.