Мәслихаттар сайлауы

№89 (9002) 24

24 қараша 2026 ж.

№88 (9001) 21

21 қараша 2026 ж.

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының басты бағдары»

«Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының басты бағдары»


«ӘДІЛЕТ» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен Мәдениет саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен түсіндірілді.

Кездесуде партия белсенділері Ахметов Аллаберген мен Орынбасаров Наурызбай сөз алып, кездесу барысында Жолдауда көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениет пен руханиятты өркендету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі, ұлттық мәдениетті насихаттау, халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету және рухани құндылықтарды дәріптеу бағытындағы міндеттері сөз болды.

Кездесу соңында қызметкерлерге Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысу, өз салаларында жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру қажеттігі атап өтілді.
03 қараша 2026 ж. 32 0