Соңғы жаңалықтар

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жолдау-2026: логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет

Жолдау-2026: логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет


Фото: Н.Нұржаубай
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы логистиканы елдің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі деп атады.
«Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылатынын мәлімдеді.
«Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент тамыз айында құрылысы басталған «Арал – Каспий» күре жолының маңызына тоқталды.
«Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алатынын айтты.
28 қазан 2026 ж. 32 0