Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№88 (9001) 21

21 қараша 2026 ж.

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

№86 (8999) 14

14 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған

Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған


Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, Өзбекстан азаматтары 2,8 келіге жуық алтынды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып өтпек болған. Бағалы металды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан.

«Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды», - делінген хабарламада.

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.
30 қазан 2026 ж. 195 0