Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Tesla әуеде сальто жасайтын спорткарын көрсетті

Tesla әуеде сальто жасайтын спорткарын көрсетті


Сурет: Tesla
Жаңа электромобиль ауада аударылып, басқа көліктердің үстінен секіре алады. Tesla компаниясы жаңа Roadster спорткарын Техастағы SpaceX сынақ алаңында таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрсетілім кезінде спорткар ауада толық айналым жасап, дөңгелектерімен жерге түсті. Ал иілген рампада көлік аударылып, дөңгелектері жоғары қараған күйде тепе-теңдігін сақтай алған.
Бұл үшін инженерлер желдеткіштер мен сығылған газға арналған саптамалар жүйесін пайдаланған.
«Мен талай нәрсені көрдім, бірақ мұндайды ешқашан көрген емеспін», деді компания басшысы Илон Маск.
Tesla Roadster моделін сериялық өндіруді 2028 жылы бастауды жоспарлап отыр. Алайда әзірге бұл ерекше мүмкіндіктердің кәдімгі жолдарда пайдалануға қолжетімді болатыны белгісіз.
Айта кетейік, Tesla 3 миллионға жуық көлігін кері қайтаруға мәжбүр болды.
21 қазан 2026 ж. 127 0