КЕДЕРГІСІЗ ОРТА – БАРШАҒА ОРТАҚ МҮМКІНДІК!

Әр азаматтың қоғам өміріне тең дәрежеде араласуына жағдай жасау, өтініш-тілегіне құлақ асып, мәселесінің шешілуіне қолдау көрсету – әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.
Осы мақсатта «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Кедергісіз орта – баршаға ортақ мүмкіндік» тақырыбында азаматтарды тақырыптық қабылдау өткізілді.
Қабылдауды «Мансап» орталығының басшысы Ермек Темірбек Ералыұлы жүргізіп, тұрғындардың жеке мәселелеріне қатысты сауалдарын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мұндай қабылдаулардың басты мақсаты – азаматтардың мәселесін назардан тыс қалдырмай, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруға жәрдемдесу. Әсіресе, әр адамның қоғамда өз орнын тауып, еңбек етуіне, әлеуметтік қолдауға қол жеткізуіне және кедергісіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау айрықша маңызға ие.
Кедергісіз қоғам – тек қолжетімді орта ғана емес, әр адамды құрметтеп, оның үнін еститін, мәселесіне бейжай қарамайтын орта. Ал нақты көмек пен шынайы қолдау осындай кездесулерден басталады.




