№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ТЕҢ МҮМКІНДІК - БАРША БАЛАҒА

ТЕҢ МҮМКІНДІК - БАРША БАЛАҒА


«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Әділет» партиясының қолдауымен, аудандық білім бөлімі және аудандық спорт және туризм бөлімі бірлесіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалін өткізді.


Фестивальдің негізгі мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың қабілеттерін дамыту, өзіне деген сенімін нығайту және қоғамда тең мүмкіндіктер қағидатын қалыптастыру.

Спорттық сайыс барысында қатысушылар ептілік, шапшаңдық, табандылық пен жігер танытып, өздерінің спорттық қабілеттерін ортаға салды. Әр баланың жарысқа қатысуы – олардың талпынысы мен еңбегінің айқын көрінісі.

Шара барысында «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов сөз сөйлеп, инклюзивті ортаны қалыптастырудың және әр балаға өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік берудің маңыздылығына тоқталды.

Партия өкілі балаларға қолайлы орта қалыптастыру, олардың әлеуетін қолдау және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау – ортақ міндет екенін атап өтті.

Фестиваль қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар мен оларды дайындаған жетекшілер марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Әділет» партиясы алдағы уақытта да балалардың жан-жақты дамуына, инклюзивті ортаны қалыптастыруға және қоғамдағы тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Әр балаға – мүмкіндік,
әр арманға – жол,
әр жетістікке – қолдау!
09 қазан 2026 ж. 35 0