Соңғы жаңалықтар

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҚАМҚОРЛЫҚ – СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН КӨРІНЕДІ

ҚАМҚОРЛЫҚ – СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН КӨРІНЕДІ


Қарттар күні қарсаңында «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы, «Жастар рухы» және Жастар ресурстық орталығының жастары жалғыз тұратын ардагер Болдықыз Рахишованың үйіне арнайы барып, қарияға қолғабыс көрсетті.

Күнделікті тұрмыста үлкен кісілерге кейбір шаруаларды атқару қиындық тудыратыны белгілі. Осыны ескерген партия белсенділері ардагердің үй жұмыстарына көмектесіп, ауласын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Үй маңындағы шаруалар атқарылып, қарияның көңілін бір серпілтетін жылы жүздесу де болды.
Бұл бастама – мерекеге орай сыйлық ұсынумен ғана шектелмей, нақты іспен жанашырлық танытудың үлгісі.
Болдықыз апа жастардың еңбегіне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Ал жастар үшін қарияның алғысын алу – жасалған жұмыстың ең үлкен бағасы.
Үлкенге құрмет – бір күндік міндет емес. Қарияның жағдайын сұрап, қажетіне жарау, ауырын жеңілдету – адамдықтың асыл қасиеті.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындағы осындай игі бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарды мейірімділікке, қамқорлыққа және үлкенді қадірлеуге үндейді.
Қарияға көрсетілген құрмет – өткенге тағзым, бүгінге өнеге, келешекке аманат.
01 қазан 2026 ж. 47 0