№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА МАҚТА ӨСІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА МАҚТА ӨСІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ


Бүгін жергілікті «Zhanakorgan Cotton» ЖШС мен қытайлық инвестор «Xinghentai Agro-Cotton» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырған «Мақта өсіру және оны тереңдетіп өңдеу» инвестициялық жобасының іске асырылу мәселелерін талқыладық.

Жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба ауданның ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Жоба шеңберінде 2027–2028 жылдары тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы мақта өсіру, сондай-ақ мақтаны терең өңдеу және полиэтилен құбырларын өндіру зауытын салу көзделуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Аталған жоба облыстық өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алып, тиісті хаттамасы рәсімделді.

Алдағы кезеңде облыс әкімдігімен бірлесіп, инвестициялық жобаны белгіленген мерзімде және сапалы іске асыруға қажетті ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Инвестициялық жобаның жүзеге асуы ауданның экономикалық белсенділігін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайтуға, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Аудан экономикасын әртараптандыруға және инвестициялық әлеуетті арттыруға бағытталған жобаларды жүйелі түрде қолдау жұмыстары жалғасын табады.
02 қазан 2026 ж. 27 0