ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» мәселесі қаралды. Жиында көтерілген міндеттерге сәйкес аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Жол қауіпсіздігі азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты маңызды мәселе. Бұл бағытта ауданда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен жыл басынан бері жүргізілген профилактикалық іс-шараларға қарамастан аудан аумағында 49 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Аудан басшысы аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Шудабайұлына, кент, ауылдық округ әкімдеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолдарын жаңғырту, жол инфрақұрылымындағы кемшіліктерді жедел жою және жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Сонымен қатар мәжіліс барысында күн тәртібінен тыс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің 8 ай қорытындысымен орындалу барысы сараланды. Бұл бағытта көрсеткіштердің барлығы бойынша жоспардың толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімі аталған бағыттардағы тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.




