№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫН ҚАЛАЙ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА БОЛАДЫ?

ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫН ҚАЛАЙ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА БОЛАДЫ?


Май құю бекетінде тәулік бойы тыныш жоқ. Көлік тақымдағанның әр таңы осы арадан арна табады. Ендігі мәселе, қай жерден жанар-жағармай алған тиімді? Қай бекеттегі жанармайдың сапасы жақсы? Бағасы қанша? Қалтаға қанша шығын түседі? Кейде осы қарапайым сұрақтардың өзі үлкен экономикалық мәселелерге жетелейді.

Біздің есебімізше, қазір АИ-92 маркалы жанармайдың бір литрі 246 теңге шамасында болса, АИ-95 маркалы жанармайдың литрі 306 теңгеге жетті. Көлікті күн сайын пайдаланатындар үшін бұл аз ақша емес. Мәселен, аптасына жанармайға кемінде 10 мың теңге жұмсалса, бір
айда оның көлемі 40-50 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Әркім қалтасына қарай көсілетіні рас. Бірақ жанармайдың – бүгінде таңдап тұрып бас тартатын тауар емес. Ол күнделікті қажеттілік. Демек, жанармай бағасы – жеке жүргізушінің ғана емес, тұтас қоғамның тұрмысына әсер
ететін көрсеткіш.

                                                    ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ НЕНІ КӨРСЕТЕДІ?

Әлеуметтік желіде Қазақстанға келген шетелдік азаматтардың еліміздегі жанар-жағармай бағасын өз елдеріндегі бағамен салыстырып, біздегі жанармай құны салыстырмалы түрде арзан екенін айтатындар бар. Алайда бір нәрсені ұмытпауымыз керек, кез келген баға тұтынушының қабілетімен қабысуы тиіс. Шетелдіктер үшін бұл арзан көрінгенімен ай сайынғы табысы шектеулі қазақстандық отбасы үшін бір айда жанармайға жұмсалатын шығын отбасылық бюджетке салмақ түсіреді. Мәселен, көлік күнделікті қажет болатын отбасыда
жанармай шығыны азық-түлікпен, коммуналдық төлеммен, баланың киімі мен оқуына жұмсалатын қаражатпен қатар тұрады. Яғни жанармай бағасының әрбір өзгерісі үй шаруашылығының шығыс жоспарына әсер етеді. Бұл жерде мәселенің екінші жағы бар. Біздің ел – мұнай өндіретін мемлекет. Әлемге «қара алтын» экспорттап отырған елде ішкі нарықтағы жанармай бағасы халық үшін
неге маңызды? Өзіміз мұнай өндіріп, оны өңдеп, жанармай шығарып отырсақ, оның соңғы тұтынушыға дейінгі жолы қандай? Осы сауалдарға жауап іздегенде мұнайдың жер қойнауынан алынған сәтінен бастап автокөліктің багына құйылғанға дейінгі ұзақ жолына үңілуге тура келеді.

                                             ШИКІЗАТТАН ДАЙЫН ӨНІМГЕ ДЕЙІН
Тәуелсіздік жылдарында мұнай өндірісі төрт есе өсіп, еліміз әлемдік нарықтағы жетекші ойыншылардың қатарына қосылды. Алайда бүгінгі мәселе – мұнай өндіру көлемінің артуы ғана емес. Сол шикізатты мүмкіндігінше терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім өндіру.
Қазақстан ұзақ уақыт бойы мұнай өндіретін ел ретінде танылды. Бірақ қазіргі экономикалық саясатта шикізатты сыртқа шығарып қана қоймай, оны ел ішінде терең өңдеу мәселесіне басымдық беріліп отыр. Осы тұрғыдан алғанда мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы ерекше маңызға ие. Мәселен, Атырау, Павлодардағы және Шымкенттегі үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Бұл кәсіпорындардың
жұмысы ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мұнай өңдеу көлемінің артуы, өндірістік қуаттың жаңаруы және жаңа жобалардың іске қосылуы – бір жағынан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталса, екінші жағынан ел экономикасының әртараптануына жол ашады. Осы тұрғыда мемлекетте мұнай-газ химиясы саласында да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, бүгінде Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. «Бейнеу – Бозой– Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынуда.
Полиэтилен өндірісін жолға қоюға бағытталған ірі жоба да осы стратегиялық бағыттың бір бөлігі. Мұның барлығы бір қарағанда жанармай бағасына тікелей қатысы жоқ секілді көрінуі мүмкін. Алайда байланыс бар. Өйткені мұнай-газ саласының дамуы тек мұнай өндіру көлемімен өлшенбейді. Өндіріс пен өңдеу қуаты, ішкі нарықты қамтамасыз ету, тасымалдау инфрақұрылымы және жаңа технологиялар бір-бірімен тығыз байланысты.

Ал, бүгінгі тұтынушы үшін басты сұрақ мұнай саласының даму оның күнделікті өміріне қалай әсер етеді?

– Аудан орталығына, жұмысқа,балалардың шаруасына байланысты күндекөлікпен жүреміз. Күнара қайта-қайта
жанармай құясың. Мысалы, бір аптадакемі 10 мың теңгеге бензин құйсақ, айынакемінде 40 мың теңге кетеді. Ал кейде оданда көп жұмсаймыз. Ауылда немесе ауданорталығынан алыста тұратын адам үшінкөліксіз жүру қиын. Сондықтан жанармайбағасы халық үшін маңызды мәселе депойлаймын. Екінші жағынан, жанармайқымбаттаса, оның әсері басқа тауарларғада тиеді. Азық-түлік болсын, құрылысматериалы болсын, басқа өнім болсын – бәрітасымал арқылы келеді. Тасымал шығыныартса, бағаға да әсер етуі мүмкін. Сондықтанбензин мәселесі тек жүргізушілердіңмәселесі емес, - дейді кент тұрғыны СанияМахмут.
Ал аудан азаматы Саян Алдабергеннің пікірінше,тұтынушы үшін баға мен сапа қатар жүруі керек.
– Жанармай бекетіне барғанда бірінші қарайтынымбаға емес, сапа. Өйткені көлікке сапасыз жанармай құйсаң,кейін қозғалтқышқа байланысты мәселе туындауы мүмкін.Оның жөндеу шығыны бір бак жанармайдан әлдеқайдақымбатқа түседі. Әрине, бензиннің бағасы да маңызды.Қазір күнделікті тіршілікті көліксіз елестету қиын. Жұмысқабарамыз, бала тасимыз, ауыл мен аудан орталығының
арасында қатынаймыз. Сондықтан ай сайын жанармайғакететін ақшаны алдын ала есептеп жүреміз.
Қазақстанның мұнайлы мемлекет екенін бәрімізбілеміз. Өз елімізде мұнай өндіріліп, зауыттарда өңделіп,жанармай өндірілетіні көңілге қуаныш береді. Бірақ халықсол өндірістің нәтижесін күнделікті өмірінен де сезінгісікеледі, – дейді ол.

                                           БІР ЛИТР ЖАНАРМАЙДЫҢ АР ЖАҒЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА

Жанармай бағасы қалыптасатын жүйені түсіну үшінбір литрдің жанармай жолын елестетіп көрейік. Алдыменмұнай өндіріледі. Содан кейін ол тасымалданады. Мұнайөңдеу зауытында өңделіп, қажетті стандарттарғасай дайын өнімге айналады. Кейін жанармай сақтауорындарына, одан әрі жанармай құю бекеттерінежеткізіледі. Бұл процестің әр кезеңінің өз шығыны бар.
Энергия, еңбек, техника, құбырлар, теміржол немесеавтокөлік тасымалы, сақтау инфрақұрылымы – барлығыбелгілі бір шығынды талап етеді. Сондықтан шикізаттыңөзіндік құны мен жанармай бекетіндегі соңғы баға бір ұғымемес. Бұған қоса нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, өңдеукөлемі, логистика, салық және басқа да экономикалықфакторлар әсер етеді. Осы тұрғыдан қарағанда жүргізуші
үшін жанармай бекетіндегі 246 немесе 306 теңге – ұзақөндірістік тізбектің соңғы нүктесі. Бірақ тұтынушыныңқалтасы үшін дәл осы соңғы баға маңызды.Жанармай туралы сөз болғанда екіншімаңызды мәселе – сапа. Жүргізуші үшін
арзан жанармайдың өзі сапасыз болса,тиімді таңдау болмауы мүмкін. Көліктіңқозғалтқышы – қымбат техника. Сондықтанжанармай сапасы оның жұмыс істеумерзіміне де әсер етеді. Осы себептіжанармай нарығында баға мәселесіменбірге сапаға бақылау жасау да маңызды.
Тұрғындардың «өзімізден шығатын өнім»деген қызығушылығы да осында. Қазақстанмұнай өндіретін ел болғандықтан, халықотандық өндірістің нәтижесін сезінгісікеледі. Өз елімізде өндірілген, өңделгенөнімді тұтыну – экономикалық тұрғыдан да,психологиялық тұрғыдан да маңызды.Бірақ отандық өнімнің болуы оның сапасы менқолжетімділігін автоматты түрде қамтамасыз етпейді. Бұл
жерде өндірістің көлемі, технологияның жаңаруы, ішкінарықты қамтамасыз ету, бәсекелестік және бақылау
тетіктері қатар жұмыс істеуі қажет. Сондықтан мемлекетүшін бүгінгі басты міндеттің бірі – шикізатты терең өңдеу.Мұнайды шикізат күйінде экспорттау мен одан дайын өнім шығару арасында үлкен айырмашылық бар. Терең өңдеуарқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіруге болады.
Бұл мемлекетке қосымша табыс әкеліп, жаңа өндірістердіңдамуына ықпал етеді. Президент те мұнай-газ химиясысаласында қосымша құны жоғары өнімдерді өндіруді жолғақою қажеттігін атап өткен. Мұндай жобалар Қазақстанныңэкономикалық тәуелсіздігін күшейтіп, әлемдік нарықтағыбәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

                                                                                                                                              Айсұлу АЛДАНАЗАР
06 қыркүйек 2026 ж. 44 0