№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

№63 (8977) 22

22 тамыз 2026 ж.

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ҚЫРАШ АУЫЛЫНДА ЖАҢА КҮРЕС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

ҚЫРАШ АУЫЛЫНДА ЖАҢА КҮРЕС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ


Бүгін Қыраш ауылында жаңа күрес залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды шараға ауданы әкімі Ғалымжан Жарқынбек қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.


- Қыраш ауылының кәсіпкерлері мен жастарының демеушілігімен салынған күрес залы баршаңызға құтты болсын! Осы бастаманың жүзеге асуына атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы күрес залынан байрақты бәскелерде еліміздің мәртебесін асыратын болашақ спортшылардың тәрбиеленіп шығуына тілектеспіз., - деді аудан басшысы.

Салтанатты шараға Қаржы саласының үздігі, Қызылорда қаласының және Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қалхазбек Әжібеков, жазушы, драматург, журналист, тарихшы, филолог - ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашов және бокстан КСРО спорт шебері Даутбек Жұматов арнайы қатысты.

Шара барысында күрес залының салынуына және оның ел игілігіне берілуіне елеулі үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Өз кезегінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалхазбек Әжібеков құттықтау сөз сөйлеп, ел азаматтарының осындай игі бастамаларына ризашылығын білдірді. Бокстан КСРО спорт шебері Даутбек Жұматов ақ батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.

Шара соңында жаңа күрес залының лентасы салтанатты түрде қиылып, қатысушылар мен ауыл тұрғындары жаңа спорт нысанымен танысты.

Айта кету керек, жаңа күрес залы ауыл кәсіпкерлерінің, жастарының және туған жерден түлеп ұшқан азаматтардың демеушілігімен салынған. Бұл – ауыл азаматтарының туған жерге деген жанашырлығы мен ортақ іске жұмыла білетін ауызбіршілігінің нақты көрінісі.
27 тамыз 2026 ж. 30 0