№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ТӨМЕНАРЫҚ АУЫЛЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

ТӨМЕНАРЫҚ АУЫЛЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ


Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Төменарық ауылында Мемлекеттік Ту алаңы салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, ел ағалары және ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы тұрғындарды алаңның ашылуымен құттықтап, Мемлекеттік Тудың тәуелсіздігіміздің айбары екенін атап өтті. Сондай-ақ ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Шара барысында Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлына құрмет көрсетіліп, иығына қазақы дәстүрге сай шапан жабылды. Мемлекеттік Гимн орындалып, бейбітшілік пен бірліктің нышаны — көк Ту көкке көтерілді.

Айта кету керек, Мемлекеттік Ту алаңы — жергілікті кәсіпкер Қайрат Кәрімұлы Жұмабаевтың демеушілігімен бой көтерген нысан. Бұл игі іс – Ұлағатты ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» Кәрім Жұмабаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ауылға жасалған тарту болды
09 мамыр 2025 ж. 198 0