№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ



Бүгін ауданда мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын дәріптеу және бұқаралық спортты дамыту мақсатында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Тартысты додаға ауданның мемлекеттік мекемелерінен құралған 9 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Командалар жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен үздік ойыншыларға арнайы статуэткалар табысталды.

І орын - Аудандық спорт мектебінің командасы.
ІІ орын - Аудандық білім беру ұйымдарының командасы.
ІІІ орын - Аудандық көп бейінді орталық аурухана командасы.
25 тамыз 2026 ж. 154 0