Соңғы жаңалықтар

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС


Жаңақорған ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат және шашка спорт түрлерінен аудандық турнир өтті. Спорттық додаға түрлі салада еңбек ететін 20-дан астам мемлекеттік қызметші қатысып, өзара бақ сынасты.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының бас маманы Жанар Қозбағарова және аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген қатысушылар дипломдармен және арнайы қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Іс-шара аудан әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.
23 қараша 2025 ж. 570 0