№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ



Жаңақорған ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат және шашка спорт түрлерінен аудандық турнир өтті. Спорттық додаға түрлі салада еңбек ететін 20-дан астам мемлекеттік қызметші қатысып, өзара бақ сынасты.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының бас маманы Жанар Қозбағарова және аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирдің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген қатысушылар дипломдармен және арнайы қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Іс-шара аудан әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.
23 қараша 2025 ж. 690 0