№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЖӘНЕ ҚР ЧЕМПИОНАТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ҒАЛЫМЖАН ӨМІРТАЙ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЖӘНЕ ҚР ЧЕМПИОНАТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ҒАЛЫМЖАН ӨМІРТАЙ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ


Жаңақорған кентіндегі №335 сайлау учаскесінде жамбы атудан Қазақстан және Азия чемпионаттарының жеңімпазы Ғалымжан Өміртай өз таңдауын жасап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.


Халықаралық додаларда көк байрақты көкке көтеріп, ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы үшін ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге атсалысу әр азаматтың парызы.
– Елдің ертеңі бүгінгі таңдаудан басталады. Спортта да, өмірде де жеңіске жету үшін жауапкершілік пен нақты мақсат қажет. Сондықтан әр азамат өз таңдауына бейжай қарамай, ел болашағына өз үлесін қосуы маңызды деп есептеймін. Мен де азаматтық борышымды орындап, өз таңдауымды жасадым. Жастардың ел дамуына белсенді араласуы болашаққа деген сенімнің белгісі, – деді Ғалымжан Өміртай.
Жас спортшының айтуынша, елдегі тұрақтылық пен бірлік жаңа жетістіктерге жол ашатын маңызды құндылықтар. Ол спорттағы жеңістерін ел мерейімен байланыстырып, алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк туын биікте желбіретуге ниетті екенін жеткізді.
23 тамыз 2026 ж. 189 0