№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҒАЛЫМЖАН ӨМІРТАЙ ЖАМБЫ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҒАЛЫМЖАН ӨМІРТАЙ ЖАМБЫ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!



ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҒАЛЫМЖАН ӨМІРТАЙ ЖАМБЫ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен ҚР-ның V чемпионатында жерлесіміз Ғалымжан Өміртай 1-орынды жеңіп алды.
Бұл облыс тарихында жамбы атудан алғашқы алтын медаль.
Жерлесіміздің мергендігі халықаралық жарыстардың жүлдегері, Әлем чемпионы Абзал Тулыбеков, Ералхан Айкөз, Айтбек Сарыбай сынды мергендерден асып түскені, ұлттық спорт мамандарының өзін таң қалдыруда.
Жарыста үздік нəтиже көрсеткен Ғалымжан 29 ұпай жинап, Қазақстан жеңімпазы атанды.
Ғ. Өміртай - Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар елді мекенінде 1999 жылы туылған. 
Жамбы ату спортымен айналысқанына
3 жыл.


Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.
№7 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде ұлттық ат спорты түрлері бөлімшесінің жаттықтырушысы.
Қызылордалық шабандоздар көкпар жəне аударыспақ жарыстарына қатысуда.
Ел чемпионаты 26 мамыр күні аяқталады.
23 мамыр 2019 ж. 1 233 0