СЕМПИОНАТ: ЖАМБЫ АТУ МЕН ТЕҢГЕ ІЛУ АЯҚТАЛДЫ
Жаңақорғанда өтіп жатқан ұлттық спорттан Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының Жамбы аты мен Теңге ілу бәсекесі аяқталды.
Жамбы ату мен Теңге ілуден сынға түскен жастарымыздың арасынан жаңа есімдер жарқырап шықты. Сонымен, Алматыда өтетін Азия чемпионатына қатысуы мүмкін үміттілер қатарында кімдер бар?"Биылғы жастар чемпионатындағы ерекшелік – жарысқа әр өңірден екі спортшыдан қатысуға мүмкіндік берілді. Жамбы атудан V рет ұйымдастырылған Жастар арасындағы ҚР чемпионатына барлығы 22 спортшы қатысты. Атап айтқанда, бүгінгі бәсекеде Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Астана, Алматы қалаларының жас мергендері бақ сынады. Жүлделі орын саны жағынан Түркістан мен Жамбыл облысы жастары басым түсті", - дейді ұйымдастырушылар.
Жамбы атудан Жастар арасындағы ҚР V чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – Жақсыбек Бекзат (Түркістан облысы)2-орын – Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
3-орын – Сарыбай Айтбек (Түркістан облысы)
3-орын – Өміртай Ғалымжан (Қызылорда облысы)
Теңге ілуден Жастар арасындағы ҚР ХІІІ чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)2-орын – Елжанов Нұрхан (Ақтөбе облысы)
3-орын – Қомбаров Рахат (Түркістан облысы)
3-орын – Серіков Бекнұр (Батыс Қазақстан облысы)