» » Жерлесіміз жеңіс тұғырында

Жерлесіміз жеңіс тұғырында

Көкшетау қаласында өтіп жатқан теңге ілу мен жамбы атудан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатынан сүйінші жаңалық келді. Ересектер арасында жамбы ату бойынша сынға түскен жерлесіміз Өміртай Ғалымжан қазақ стилі бойынша күмісті мойынға тақса, түрік стилінен қолаға қол созды. Жалпы қорытынды есеп бойынша тұғырдың үшінші сатысына көтеріліп, аудан абыройын тағы бір асырды.


Ғалымжан бұған дейін ел чемпионы атанып, сары құрылық бәсекесінде ел намысын қорғап келген болатын. Ол әлі жас спортшы, болашағы алда, ең бастысы, спорттық мансабы биік белеспен басталды. Сондықтан жерлесімізден әлі таалай жеңісті күндер күтеміз.

Теңге ілу мен жамбы атудан ересектер арасындағы чемпионат аяқталды. Алдағы уақытта жастар және жасөспірімдер арасындағы теңге ілу мен жамбы атудан сайысқа түсетін жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
24 маусым 2023 ж. 205 0