БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Баға тұрақтылығы – елдегі әлеуметтік ахуалдың айнасы. Күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын қолжетімді
деңге бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, негізсіз қымбаттаудың алдын алу және тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз ету жайында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жұмысына зер салып көрдік.йде ұстау – тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі.Осы бағытта Жаңақорған ауданындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, негізсіз қымбаттаудың алдын алу және тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз ету жайында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жұмысына зер салып көрдік.
ТҰРАҚТЫ МОНИТОРИНГ ПЕН САУДА МЕМОРАНДУМЫ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?
Ауданда азық-түлік нарығындағы ахуалды бақылау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан апта сайын тұрақты түрде мониторинг жұмыстары ұйымдастырылуда.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы – тұрғындарды алаңдататын маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан бөлім тарапынан бұл бағытқа ерекше мән беріліп, сауда орындарындағы бағаға апта сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Басты мақсатымыз –
нарықтағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Алдағы уақытта да азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіп, тұрақтандыру қорымен жұмысты жалғастыра береміз. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілерін қолдау және тұрғындарға қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен ұсынуды жүйелі түрде бақылаймыз.
Біздің басты мақсатымыз – аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын ескеріп, азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы дейді Талғат Зейдалиев.
Азық-түлік бағасының қалыптасуына өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы шығындар, тасымалдау құны, сақтау және сауда үстемесі секілді факторлар әсер ететіні белгілі. Сондықтан бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін сауда тізбегіндегі делдалдық буындарды ретке келтіру де маңызды. Осы ретте ауданда делдалдық схемаларды жүйелеу және баға өсімінің алдын алу
мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Жаңақорған кентінде орналасқан 13 сауда үйімен меморандум жасалған. Атап айтсақ, «Береке», «Ғани», «Айсара Ана», «Қарабура» секілді сауда үйлерінің ішінде «Әлеуметтік дүкен» қызмет етеді. Бұл келісімдердің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрғындарға барынша қолжетімді бағамен ұсынуға ықпал ету. Сауда орындарымен өзара келісім орнату арқылы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі
жүргізуге мүмкіндік бар.
Мұндай шаралар әсіресе азық-түлік бағасы маусымдық факторларға байланысты өзгеретін кезеңдерде маңызды. Өйткені бағаның күрт өсуі ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға әсер етеді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың міндеті –
тек бағаны бақылау ғана емес, сонымен қатар нарықтағы ұсынысты арттыруға, өнімді тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізуге және делдалдар санын азайтуға бағытталған тетіктерді жетілдіруге ықпал етеді.
Осы мақсатта ауданға «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорынан бекітілген операторлар арқылы өнім сатып алуға тиісті мерзімде өтінімдер жолданып келеді.
Жыл басынан бері ауданға жалпы көлемі 175,7 тонна өнім алынған. Оның ішінде 118,5 тонна картоп, 48,3 тонна пияз, 8,5 тонна сәбіз сауда сөрелеріне жөнелтілді. Бұл өнімдердің барлығы тұрғындардың күнделікті тұтынуында ерекше орын алады. Әсіресе картоп пен
пиязға сұраныс тұрақты.
Тұрақтандыру қорынан алынған өнімдер бекітілген операторлар арқылы тұрғындарға нарықтағы қалыптасқан бағадан төмен деңгейде ұсынылуда. Өнімдерді өткізудің негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері.
Бұдан бөлек, тұрақтандыру қорынан алынған өнімдер ауылдық округтерде де сатылады. Бұл – бағаны тұрақтандыру шараларының тек аудан орталығымен шектелмей, ауыл тұрғындарын да қамтуына мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін мұндай жұмыстардың маңызы ерекше. Себебі аудан орталығына қатынап, азық-түлік сатып алу әр отбасы үшін қосымша уақыт пен шығынды талап етеді. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар өнімдердің ауылдық округтердің өзінде
қолжетімді бағамен сатылуы – тұрғындардың тұрмыстық шығынын азайтуға ықпал ететін нақты қолдау.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата көшесінің бойында жыл басынан бері 9 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілген.
Жәрмеңкелерде жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерімен қатар, тұрғындарға қажетті әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері де ұсынылды.
МАҚПАЛ МАРҚАБАЙ




