Құрылтай

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ


Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан,Сунақата, Екпінді, Қожамберді, Төменарық және Сүттіқұдық ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Жиындарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапарбаев, сондай-ақ бөлім, мекеме басшылары қатысты.


Кездесулер барысында Мемлекет басшысы және облыс әкімінің қолдауымен өңірде және ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер мен өзекті мәселелер мұқият тыңдалып, әрбір сауалға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берілді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, олардың кезең-кезеңімен шешілуін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Жұмыс сапары аясында аудан әкімі білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығын және ауылдық округтердегі сайлау учаскелерінің әзірлік деңгейін зерделеді. Нысандарды аралау барысында анықталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау міндеттелді.

Халықпен тұрақты кездесу өткізу, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және өзекті мәселелердің уақтылы шешілуін қамтамасыз ету – аудан әкімдігі жұмысының негізгі басымдықтарының бірі.
31 шілде 2026 ж. 88 0