Соңғы жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

29 қаңтар 2026 ж. 532

АУДАНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

29 қаңтар 2026 ж. 648

№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (8920) 24

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (8919) 21

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ



Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Алдымен аудан басшысы Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалған Рүстемов Мұхамеджан Тоқташұлына ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына және көркеюіне қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметке шығарып салды.
Сонымен қатар, ауданның ең жоғары марапаты — Құрмет грамотасын табыстады.

Күн тәртібіне сәйкес «Аудан бюджетінің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов баяндама жасады. Осы мәселе бойынша аудан әкімі өткен жылғы көрсеткіштердің орындалуында оң өсім болғанын атап өтіп, биылғы жоспарларды да белгіленген мерзімде әрі жоғары нәтижемен орындауды тапсырды.
Сондай-ақ кент және ауылдық округ бюджеттері кірістерінің орындалуына тоқталып, бірқатар ескертпелер айтты.

Бұдан бөлек, салық базасын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Мұсаев хабарлама жасады. Аудан әкімі жоспарланған бюджет кірістерінің толық орындалуы, қосымша кіріс көздерін анықтау және салық берешектерін өндірудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Жиын қорытындысы бойынша салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
30 қаңтар 2026 ж. 72 0