Аудан әкімі халықпен жүздесті
Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулері жалғасты
Аудан әкімі Мажит Самитов Сунақата, Екпінді, Қожамберді, Төменарық, Сүттіқұдық, Манап, Талап, Жаманбай батыр, Қосүйеңкі, Қыраш, Ақүйік ауылдық округтерінің және Жаңақорған кентінің тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Кездесулерде аудан әкімі Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын тапсырмалардың орындалуы, аймақ басшысының қолдауымен ауданда салынып жатқан білім, денсаулық, спорт, мәдениет нысандарының құрылысы, инфрақұрылымдық жобалар бойынша ақпарат берді.
Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының оң көрсеткіштері, аудан бюджетінің ұлғаюы, жыл көлемінде қол жеткізген табыстар мен атқарылып жатқан жұмыстарды жіктеп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге аудан әкімі толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары жасалып бекітілетінін, соған сәйкес тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелетінін, сондай-ақ кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған кент және ауылдық округ тұрғындары көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, ауыл ақсақалдары ел атынан алғыстарын білдірді.