АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысына қатысты мәжіліс өтті.
Аталған жиыннан кейін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан аппарат мәжілісін өткізіп, аудандағы өзекті мәселелерді талқылап, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Аудан аумағындағы электр желілерінің жалпы ұзындығы 1 333 шақырымды құрайды. Желілердің тозу деңгейін төмендету мақсатында 2022–2025 жылдары демеушілердің қолдауымен жалпы құны
9,8 млрд теңгені құрайтын 22 жоба әзірленді. Оның ішінде жалпы құны 6 млрд теңге болатын 11 жоба толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 4 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мәжіліс барысында аудан әкімі құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың сапасына бақылауды күшейтуді, барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы кезінде электр тарату желілерінде орын алатын авариялық жағдайлардың алдын алу, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс қорытындысында аудан басшысы барлық берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ олардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.
#Жаңақорған



