Облыста таза сумен қамту жұмыстары 2025 жылы 100 пайызға жететін болады

«Бүгінде Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Жоба құны – 26 млрд 200 млн теңге. Келесі жылу беру маусымында қаламыз ыстық сумен толық қамтылады», - деді өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, биыл газдандыру жобаларына 30 млрд теңгеден астам бөлінді, 306 км газ желілері салынуда. Осы жобалар аясында өңір халқының 78 пайызы көгілдір отырмен қамтылады. Келесі жылы 10 артық елді мекенді газдандыру жоспарлануда.
Облыс басшысы тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 72 пайыздан 62 пайызға төмендейді.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.