Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорғанның жаңа әкімі жұмысын қалай бастады?

Жаңақорғанның жаңа әкімі жұмысын қалай бастады?


Қызылордадағы Жаңақорған ауданына шілденің алғашқы күні жаңа әкім тағайындалды
. Бес жыл бойы аудандық маслихат  төрағалығын абыроймен атқарған Ғалымжан Жарқынбекұлы аталған ауданның ішкі тынысын да бес саусақтай білетіні рас. Жаңа лауазымды тізгіндеген әкім кабинетшіл болмай шықты. Қызметті қолға сала аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысуды бастаған.

Алдымен аудан басшысы аудандағы агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – жаңа құс фабрикасының жұмысымен танысты.
Бүгінде «Абдулла» шаруа қожалығы ОО «Союз Пром Птица» мекемесімен бірлесіп, жылына 5,5 мың тонна құс етін өндіретін заманауи құс фабрикасын салуда. Жобаның жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде инвестор тарапынан 1,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Жоба толық іске қосылған кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда құс фабрикасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға аяқталған және 90 ға жуық аудан азаматтары тұрақты жұмыспен қамтылған. Нысанды 2026 жылдың шілде — тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.

Жаңақорған ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Еңбек, Сунақата, Қожамберді, Сүттіқұдық және Екпінді елді мекендеріне жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін аудан басшысы аталған жобаның жүзеге асырылу барысымен арнайы танысты.

Жобаның жалпы құны 250,584 млн теңгені құрайды. 2026 жылға республикалық бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері – «Сырэнергогазстрой» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың 20 сәуірінде басталды. Жоба аясында жалпы 7,7 шақырым жоғары қысымды газ құбыры жүргізіліп, 5 дана ГРПШ орналастырылады. Қазіргі таңда құрылыс — монтаж жұмыстары 95 пайызға орындалған. Нысанды 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Одан соң Жаңақорған ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Жаңақорған кенті, «МАИ бекеті» шағын ауданындағы су тарату станциясының құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Арнайы мемлекеттік қордан яғни заңсыз қайтарылған активтер есебінен 835,4 млн теңге, облыстық бюджеттен 186,0 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың 8 қазанында басталған. Жоба аясында Жаңақорған кентіндегі «МАИ бекеті» және «Алтыкрант» шағын аудандарының тұрғындары тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бүгінгі таңда су тарату станциясының қоршау жұмыстары толық аяқталды, магистральды су желісін салу жұмыстары жүргізілді, электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 100 пайызға орындалған. Нысан 2026 жылдың маусым айының 26-на қабылданды.

Айта кету керек, «МАИ бекеті» шағын ауданында 1462 тұрғын үй, яғни 5000 ға жуық тұрғын орналасқан. Тұрғын үйлер салынған уақыттан бері бұл аумаққа орталықтандырылған ауыз су берілмеген. Тұрғындар осы уақытқа дейін шахталық құдықтардың суын пайдаланып келген.
Жаңа су тарату станциясының іске қосылуы осы түйткілді мәселені шешіп, тұрғындарды сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Фото: Жаңақорған ауданы әкімдігі
06 шілде 2026 ж. 18 0