Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА 30 МВт КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

ЖАҢАҚОРҒАНДА 30 МВт КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА


Облыс әкімдігінің қолдауымен Жаңақорған кентінде қуаты 30 МВт күн электр станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. «VIGOR Holding» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инвестициялық бастамалардың бірі.


Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жоба аясында 50 гектарға жуық аумақта заманауи күн электр станциясы салынуда. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Күн электр станциясының іске қосылуы өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, экологиялық таза электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға, инвестиция тартуға және ауданның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жоба ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды инвестициялық жобалардың бірі саналады.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырып, жауапты тұлғаларға жоба жетекшілігімен өзара үйлесімді жұмыс жүргізуді міндеттеді.
20 шілде 2026 ж. 128 0