Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » АСЛАН ЕЛДІБАЙҰЛЫ - АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АСЛАН ЕЛДІБАЙҰЛЫ - АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ


6 - 16 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакарта қаласында бокстан өткен U-23 жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз, Жаңақорған ауданының №7 спорт мектебінің спортшысы Аслан Елдібайұлы +90 келіден жоғары салмақта бақ сынап, еліміздің қоржынына кезекті жүлдені салып, қола жүлдегер атанды.

U23 санатындағы +90 келі салмақта өнер көрсеткен Аслан Елдібайұлы жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Озодбек Алиевпен кездесіп, есе жіберді.
Аса ауыр салмақтағы тартысты бәсекеде Аслан жоғары дайындық, қайсар мінез бен шыңдалған шеберлік көрсетті. Азияның кіл мықтылары жиналған дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғап, тұғыр биігінен көріну — үлкен еңбек пен төгілген тердің өтеуі.
Спортшымыздың жаттықтырушылары Жандос Жаназаров пен Абайхан Дінмұхаммед.
22 шілде 2026 ж. 132 0